Меню KDT

logo.png?_=1680092460

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

«№2 жалпы білім беретін мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 


+7 (7292) 349803

Ардагер ұстаздар

  
Тағаниязов Өмірхан Базарұлы

1956 жылы 8-желтоқсанда Түрікменстан Республикасының Мары облысында дүниеге келді. 1964 жылы Қазақстан Республикасы, Шымкент облысының Ержар станциясындағы мектептің 1-сыныбына оқуға қабылданды. 1965 жылы Түрменстан Республикасындағы Красноводск ауданына қоныс аударып, сол аудандағы №10 орта мектепті бітірді. Тағаниязов Өмірхан Базарұлы еңбек жолын 1976 жылы математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 1977-1979 жылдар аралығында Кеңес әскерінің құрамында өзінің әскери борышын атқарды. Түркмен мемлекеттік университетінің математика факультетін 1984 ж бітірген. 1998 ж Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы №5, №14 орта мектептер мен №3 кәсіптік мектептерде жұмыс жасады. Осы жылдар ішінде математика пәнінің мұғалімі, мектеп басшысының орынбасары, мектеп директоры жұмыстарын абыроймен атқарған білікті маман. 2007 ж Мұнайлы ауданында №1 орта мектептің директоры қызметіне тағайындалды, 2009-2015 ж ж аралығында Мұнайлы ауданының білім үйлестіру орталығында әдіскер болып жұмыс жасады. 2015 жылдың қазан айынан бері Мұнайлы ауданындағы№2 орта мектептің директоры. Ө.Тағаниязов білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі, педагог қызметкерлерге жаңа бағдарламаларды меңгертуде және олардың біліктілігін арттыруға қосқан үлесі үшін Мұнайлы ауданының әкімінің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хатымен, дене тәрбиесі және бұқаралық спортты дамыту мен оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен, Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Сонымен бірге Түркменстан Республикасында алған «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, Білім министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 

 

                     

               Есеева Жамал Басбаевна
               бастауыш сынып мұғалімі

Жарияланған күні: 31-03-2022  
 

  

Choose Color