2015-2020 оқу жылдары
2020-2021 оқу жылы
«№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ 1984 жылдан бастап «№18 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп» ретінде іске қосылған.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қарашадағы №261қ-қаулысымен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№2 жалпы білім беру орта мектебі» КММ болып өзгертілді.
Мектептің сыйымдылығы: 960 орындық.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селолық округі, Желтоқсан көшесі №30 ғимарат
Телефоны: 46-42-00, факс: 46-42-00
Эл.поштасы: shkola_2kz@mail.ru
Құрылтайшысы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының әкімдігі
Мектеп жарғысының тіркелген орны: Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы
Тіркеу куәлігі: №0066828 серия АБ
Мемлекеттік лицензияның берілген күні: 11 қыркүйек 2008 ж
Мерзімі: шектелмеген
МЕКТЕП ТАРИХЫНДАҒЫ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ
Мектептің алғашқы директоры:Даң Сисен Боқыбайұлы
Жумабаев Ғабдолла Әкімұлы
Төлеген Максим
Курашев Ерғали
Аталиков Якуб Каирович
Овезов Есен Орынбасарович
Дәрібаев Қайрат
Нұрболат Зәуреш
Адилбекова Каршигул Хамзахоновна
Тағанияз Өмірхан Базарұлы
Ташов Мәди Қалашұлы
Ақтау қаласы Қызылтөбе елді мекеніндегі №18 орта мектебі Мұнайлы аудандық атқару комитетінің 10.02.1983 жылғы №31 шешімімен Мұнайлы орта мектебі болып ашылған. 01.09.1988 жылы Шевченко қалалық білім бөлімінің №30 бұйрығымен Ақтау қаласы «№18 орта мектебі» болып ауыстырылды.
Маңғыстау облыстық әділет басқармасында 1999 жылдың 28 маусымында (тіркеу номері 2805-1943-ММ) тіркелген. Білім беру қызметін Маңғыстау облыстық білім басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйекте берілген 0001320 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүргізеді. Лицензия жалпы орта білім беру шеңберінде білім беру қызметін жүргізуге құқығы бар екендігін растайды.
Мектептің алғашқы ғимаратының сыйымдылығы 1984 жылы 624 орынға, 1988 жылы 360 орынға бастауыш сыныптарға арналған екі қабатты қосымша құрылыс және 1992 жылы 360 орынға екі қабатты қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілген. Ауыл тұрғындарының саны кобеюіне және қандас бауырларымыздың көшіп келуіне байланысты оқушы саны да көбейді. 2004 жылы сыйымдылығы 720 орынға арналған үш қабатты қосымша құрылыс салынып пайдалануға берілген.
6-шілде 2007 жылы Қазақстан Республикасында бірінші болып Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Маңғыстау облысының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №338 Жарлығына, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Мұнайлы ауданы әкімдігінің құрылымы туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі №213 қаулысына сәйкес, жаңа Мұнайлы ауданы ашылды.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан «№2 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің егеменді еліміздің өскелең ұрпағын оқытып, тәрбиелеуде атқарып жатқан игі істері белгілі.